Астанада жылыту маусымы 5 азан күні басталады. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тиісті құжатқа қол қойды. Бұл жайлы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылу беру маусымына дайындық және өткізу қағидалары бекітілсін. 2014 жылғы 27 маусымдағы N°249/36-V қаулысымен әкімдік 2023-2024 жылдарға арналған жылыту маусымын Астана қаласында 2023 жылғы 5 қазаннан бастау туралы шешім қабылдады», – делінген құжатта.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қалада мектеп, балабақша, аурухана сынды 116 әлеуметтік нысан жылуға қосылған. Жалпы бектіліген ережелерге сәйкес, жылыту маусымы ауа температурасы бес күн қатарынан +10°С төмен болған жағдайда басталады.
Бұған дейін Астана қаласы әкімшілігі әлеуметтік нысандардың сұраныс бойынша жылуға қосылып жатқанын хабарлаған болатын. 2 қазан күні қаладағы 240 әлеуметтік нысанның 86-сы, яғни, 35,8%-ы жылуға қосылды.
Ал 3 қазаннан бастап, Алматы облысы, 10 қазанда Ұлытау облысы, 15 қазанда Алматы, Абай облысы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары жылуға қосылады деп күтілуде.
Дегенмен, кейбір өңірлердің жылыту маусымына үлгермей қалу қаупі бар. Өйткені ЖЭО-ларда көктемде басталған жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр. Жағдайды жедел түзету үшін Әлихан Смайылов әкімдіктерге екі апта уақыт берді.