Жаңалықтар

І жартыжылдықта Қазақстанда өндірілген өнімнің 52%-ы экспортқа кеткен

фото: kursiv.media

Қазақстан Республикасының қаңтар-маусым айлары аралығындағы сыртқы саудасына қатысты дерек жарияланды. Мәліметті Сауда және интеграция министрлігі ұсынды.

Қазақстанның негізгі сауда серіктестері қай елдер?

Министрлік жариялаған мәліметтерден байқағанымыздай, Қазақстанның басты сауда серіктестері қатарында Қытай, Ресей, Италия көш бастаған.

Қазақстан мен Қытай тауар айналымындағы сауда серіктесінің үлес салмағы 20,2%-ға артқан. Оның ішінде өзара тауар айналымының экспорттық үлес салмағы – 46.6%, ал өзара тауар айналымының импорттық үлес салмағы – 53.4% болған. Екі елдің арасындағы сауда қатынасы 13.6 млрд долларға жеткен.

Араларын әлемдегі ең ұзын шекара бөліп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының қаржылық көрсеткіші 12.7 млрд. доллар болды. Ресеймен сауда-саттықтағы экспорт 38.8%, ал импорт 61.2% қатынасында жүрген. Жалпы алыс-беріс ауқымы 3.7%-ға өскен.

Италия елімен арадағы сауда-саттық ауқымы 1.5%-ға кеміп, 7.9 млрд. долларды көрсетті. Атап айтқанда, экспорт 91.9% болып, импорт 8.1%-да орнықты.

Сонымен қатар Қазақстанмен сәтті сауда-саттық байланысын жандардырып отырған елдер арасында: Оңтүстік Корея, Түркия, Нидерланды, Өзбекстан, Франция мен АҚШ бар.

ЕАЭО елдеріне жеткізілімдер айтарлықтай өсті

Министрлік ЕАЭО елдеріне жеткізілімдердің айтарлықтай өскенін нақтылады. Нақты айтқанда, ЕАЭО елдерімен арадағы тауар айналымы 4.1%-ға артып, 13.8 млрд. доллар болды. Саудаға салынған басты өнімдердің тізімі төмендегідей (экспорт):

Уран 709,7 млн. доллар

Кен 542,7 млн. доллар

Болаттан жасалған металл өнімдер 517,7 млн. доллар

Жеңіл автомобильдер 185,0 млн. доллар

Алюминий оксидтері мен гидроксидтері 145,8 млн. доллар.

Ал ЕАЭО елдерінен келген импорт тауарларының арасында мұнай өнімдерінің, кен элементтерінің, бидайдың бәсі басым:

Мұнай өнімдері 400,9 млн. доллар

Кен 363,2 млн. доллар

Қара металдардан дәнекерленген құбырлар 100,4 млн. доллар

Бидай 99,0 млн. доллар

Болаттан жасалған жартылай фабрикаттар 95,3 млн. доллар.

Экспорт пен импорттағы негізгі ерекшеліктер

Соның ішінде, импорттың үлкен үлесі автомобиль жасау өнімдеріне тиесілі екендігін байқауға болады: 1 436.8 млн долларға тең. Ал телефон аппараттары 920.6 млн. доллар болды.

Естеріңізде болса, «Курсив» қазақстандық ірі желілер мен ресейлік платформалардағы электроника мен тұрмыстық техника санатындағы 40 танымал тауардың бағасын салыстырған. Орташа алғанда дүкендердегі баға Ozon немесе Wildberries маркетплейстерінен 20%-ға асып түседі. Бірақ телефон, теледидар, үтік пен әртүрлі брендтердің басқа да шағын жабдықтарын 30-40 пайыз арзанға сатып алуға болады.

Салыстырма дәл шығуы үшін Ozon Kazakhstan және Wildberry LLC өздері сататын тауарлар таңдалды. Бірақ сайттардан әлемдік брендтер мен өзге де сатушылардың тауарын табуға болады.

Екі жағдайда да маркетплейстер өнім – түпнұсқа, оған стандартты кепілдік беріледі дейді. Ал Горожанкин тапсырыс берген соң бір аптадан кейін келген шаңсорғыштың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтады.

«Өнім – түпнұсқа, қаптамада кепілдік талоны бар, бірақ мен купонның санкция жағдайында қалай жұмыс істейтінін әлі тексерген жоқпын», – деді ол.

Wildberries баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші жартыжылдықта Қазақстанға сатылған электроника көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 214%-ға өскен. Алайда желгілікті сауда желілері ресейлік маркетплейстер бизнеске қауіп төндіріп тұрған жоқ деп тұжырымдайды.

Айта кетерлігі, 2023 жылдың І жартыжылдығында импорт өсімі аясында экспорт 32,2%-ға 4,3%-ға төмендеді. Экспорттың негізгі төмендеуі мұнай мен мыс жеткізуден түсетін экспорттық кірістің төмендеуіне байланысты болды. Ал, экспорттың үлкен үлесі әлі де мұнайға тиесілі екенін де айта кетуіміз қажет (20 516.7 млн. доллар).

Қазақстанда өндірілген өнімінің 52% экспортқа кеткен

Қаңтар-маусым аралығында Қазақстанда өндірілген өнімінің 52% экспортқа кеткен. Экспортта жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 31,9%-ға жетті.

Өнделген, шикізаттық емес тауарлардың айналымы да айтарлықтай артып отыр. Мәселен, 2021 жылдың І жартыжылдығында 26,2 млрд. доллар, сол жылдың II жартыжылдығында 32, 3 млрд. доллар болса, 2023 жылдың І жартыжылдығында 39,4 млрд. доллғарға жетіп жығылған.

2023 жылдың І жартыжылдығында шикізаттық емес тауарлардың импорты
35,1%, яғни 27,3 млрд-қа дейін өсті. Ал шикізат импорты 2,0%, яғни 2,0 млрд. долларға дейін артты.

Қазақстанның 2023 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы сыртқы сауда қорытындылары бойынша тауар нарықтарының саны 114 тен 125 ке дейін өсті. Өңделген тауарлардың экспорты 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 0,1%-ға артты. Өнеркәсіп тауарларының шикізаттық емес экспорты қысқарды (-0,3%). Шикізаттық емес ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты (+3%) өсті.