фото: Қонаев атындағы халықаралық қор
Қонаев атындағы халықаралық қор өкілдері Дінмұхамед Қонаев мінген автокөліктің Кеңес Рақышевтың жеке коллекциясына өтіп кеткенін хабарлады.
Қор мәліметінше, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы «ЗИЛ 114» маркалы көлікті қызмет барысында пайдаланған.
Қор өкілдерінің дерегінше, Қонаевтың қызметтік көлігінің өзгенің иелігінде кетуіне генерал Шабдарбаев себепкер болған. Осылайша халықаралық қор өкілдері көліктен 20 жыл бұрын айырылып қалыпты.
фото: Қонаев атындағы халықаралық қор
Парақшада жарияланған жазбада:
Автомобиль 1976 жылы шыққан, шанақ нөмірі N 99. Ұзақ жылдар бойы Д.А. Қонаевтың қызметтік көлігі болды. Ол қайтыс болғаннан кейін 1996 жылы желтоқсанда Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың атына қабылданып, есепке алынды. 2004 жылдың сәуір айында генерал А.Шабдарбаевтың өтініші бойынша ретро карлар көрмесіне қатысу үшін ҚР Президенті Күзет қызметінің гаражына уақытша сақтауға берілді. Осыдан кейін көлік Қордың назарынан тыс қалды. Біраз уақыттан кейін ол Кеңес Рақышевтың жеке коллекциясына кетті. Көлікті мұражай экспозициясына қайта қою үшін бірнеше рет өтініш жазсақ та, жауап алған жоқпыз, – делінген.
Естеріңізде болса, Кеңес Рақышевқа тиесілі «Fincraft Group» тобына енетін (үлесі 76%) «Fincraft Resources» АҚ мұнай-газ саласындағы «ARK Petroleum» ЖШС-нің 50%-ына иелік ететінін жазғанбыз.
Кеңес Рақышев – кәсіпкер, венчурлық инвестор. Ол «БТА Банк» АҚ, Sirin Labs, Net Element директорлары кеңесінің төрағасы. Кеңес Рақышев Моше Хогегмен бірге Singulariteam қорының іргесін қалады. Оның портфелінде InfinityAR, Stox, Mobli, Intelagent, Beyond Verbal, General Robotics, StoreDot, Effective Space, Sprylogics, Meta и Yo сияқты компаниялар бар.