фото: kursiv.media
KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясына экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беріледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Жобада экспортты қолдауға қатысты бөлінетін қаржы акционерлік қоғамынның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін өтеуге, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де мәселелерге қатысты туған салдарды жоюға ықпал ететітіні жазылған.
Мемлекет тарапынан берілетін кепілдеме мөлшері – 130 миллионға жуық болатыны, ал қолдану мерзімі – 10 жыл екендігі айтылған.
Құжатта бұған қатысты:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына сақтандыру төлемдері бойынша берешекті өтеу бойынша оның міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде 129200000000 (жүз жиырма тоғыз миллиард екі жүз миллион) теңге сомасына 10 жылға қолданылу мерзіміне экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік берсін, – делінген тұстар бар.
Мұндай шешім ұлттық компанияның меншікті капиталынан асып түсетін сақтандыру жағдайларына жұмсалады. Нақтырақ айтсақ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның сақтандыруына қатысты қаржысының қарызы республикалық бюджет есебінен өтеледі.
Мұндай бетбұрыстың тиімді тұстары ретінде Қазақстанның экспорттық мәмілелерін қаржыландыруға халықаралық капиталды тартуға, сондай-ақ отандық экспорт географиясын кеңейтуге мүмкіндік беретіні айтылған.
Естеріңізде болса, компанияның жаңа бағытта жанданатыны жайлы жазғанбыз. Экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы «KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-на арнайы құқықтық мәртебе берілетін болды. Мәжілісте біріші оқылымда мақұлданған заң жобасы оператор үшін реттеушілік режимді қалыптастыруды қамтиды.
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – экспорттық-кредиттік агенттік функцияларын жүзеге асыратын даму институты. KazakhExport-тың жалғыз акционері – «Бәйтерек Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.