Жаңалықтар

ОПЕК + бірлескен министрлік комитеті 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған келісімнің маңыздылығын мойындады

Бүгін, 4 қазанда бейнеконференция форматында ОПЕК + бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 50-ші отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Қазақстан Республикасы тарапынан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты.

Отырыста 2023 жылғы шілде-тамызда елдердің ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.

Қатысушы елдер бұрын 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған Келісімге ұстанымын қайта растап, Келісім шеңберіндегі міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын мойындады.

Комитетке қатысушы елдер Келісімге қатысушы елдердің бірлігіне сүйене отырып, нарықтағы өзгерістерге ден қою және қажетті шараларды қабылдауға дайын болу мақсатында нарықтық жағдайлардың мониторингін жалғастыруға уағдаласты.

Мониторинг комитетінің келесі отырысы 2023 жылғы 26 қарашаға жоспарланған.