Швеция академиясы химия бойынша Нобель лауреаттарын ақпарат шыққаннан кейін растады
фото: kursiv.media
Биылғы химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары кездейсоқ мәлім болды. Жеңімпаздардың есімдері комитет жүлдегерді ресми мәлімдегенге дейін электрондық пошта арқылы жарияланып кетті. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.
Стокгольмдегі Швеция корольдік Ғылым академиясы сәрсенбіде химия сыйлығын алған ғалымдардың есімдерін жариялады.
«Кванттық нүктелерді ашу және синтездегені үшін» биылғы жүлдені төмендегі ғалымдар иеленді.
Мунги Дж. Бавенди
Массачусетс технологиялық институты (MIT), Кембридж, Массачусетс, АҚШЛуис Э. Брус
Колумбия университеті, Нью-Йорк, АҚШИванович Екимов
Nanocrystals Technology Inc., Нью-Йорк, АҚШ
Жүлдегерлер жайлы баспасөз баяндамасында:
Химияны оқитындардың бәрі элементтің қасиеттері оның электрондарының санымен анықталатынын біледі. Алайда, материя наноөлшемдерге дейін кішірейген кезде кванттық құбылыстар пайда болады. 2023 жылғы химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары соншалықты кішкентай бөлшектерді жасай алды, олардың қасиеттері кванттық құбылыстармен анықталады. Кванттық нүктелер деп аталатын бөлшектер қазір нанотехнологияда үлкен маңызға ие, – деген ақпарат бар.
Орайы келгенде айта кетейк, кванттық нүктелер қазір OLED технологиясына негізделген компьютер мониторлары мен теледидар экрандарын жарықтандырады. Олар сондай-ақ кейбір жарықдиодты шамдардың жарығына нюанс қосады, ал биохимиктер мен дәрігерлер оларды биологиялық тіндерді картаға түсіру үшін пайдаланады.
Осылайша, кванттық нүктелер адамзатқа үлкен пайда әкеледі. Зерттеушілер болашақта икемді электроникаға, кішкентай сенсорларға, жұқа күн батареяларына және шифрланған кванттық байланысқа үлес қоса алады деп санайды.