Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тәлімгерлікке шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты ережелерді бекітеді. Тиісті бұйрық «Ашық НҚА» порталында жраияланған.
«Қоса беріліп отырған Қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілсін», делінген құжатта
Қазақстандық қызметкерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес, қазақстандық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге тәлімгер бекітіледі. Тәлімгерлерді жұмыс беруші шетелден шақыртады.
Шетелден шақырылған маман өз кезегінде қызметкердің жоспарды орындауын бақылайтын болады, қызметкерге кәсіби дағдыларды және кәсіби шеберлікті дамытуға көмек көрсетеді, қызметкермен кәсіби әңгімелер өткізіп, коучинг жүргізеді.
Ал жұмыс беруші шетелдік қызметкердің тәлімгерлік жүргізу кезеңінде тәлімгерлер мен қызметкерлер үшін жұмыс тәжірибесін беру бөлігінде жағдай жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдауға жауапкершілік алады. Сонымен бірге шетелдік қызметкерден алған тәжірибені қазақстандық қызметкерлерге таратуға ықпал етеді.
Құжат 10-қазанға дейін ашық талқылауда болады. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.