Банктердегі жинақтың қай түрі тиімді? Депозит таңдағанда неге мән берген жөн?

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Биыл тамыз айында еліміздегі депозит көлемі өсіп, долларландыру деңгейі тарихи минимумды жаңартты. Ұлттық банк мәліметі бойынша, салымшылардың қаржы институттарында сақтап отырған қаражаты 31 трлн теңгеге жеткен. Бұл шілдемен салыстырғанда 0,9 пайызға көп (30,7 трлн теңге). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 9,6 пайызға артқан.

Тамызда депозиттердің долларлану деңгейі 25 пайызға құлдыраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың қаңтарында 31 пайыз болды.

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған депозиттердің үш түрі бар:

  • Мерзімді емес (ақшаны еркін толықтыру және алу);
  • Мерзімді;
  • Жинақтаушы.

Қаражатты жинақтау мен көбейтудің ең тиімді нұсқасы – жинақтаушы депозиті. Бұл теңгедегі депозиттер арасында ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар алынбайтын депозит. Мөлшерлеме Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілеріне байланысты өзгереді, бірақ жинақтаушы депозит үшін олар мерзімді және әсіресе, мерзімді емес депозиттерге қарағанда әрқашан жоғары болады.

Жинақтаушы депозит өз ақшасын мөлшерлемені белгілей отырып, ұзақ уақыт бойы инвестициялауды жоспарлайтындар үшін қолайлы және депозиттік кезеңде ақшаны пайдаланбау керек, өйткені мұндай депозит қаражатты толықтыру немесе алу мүмкіндігін қарастырмайды.

Бүгінгі таңда елімізде мұндай депозитті 11 банк ұсынады және бұл өнімді 9 екінші деңгейлі банктен онлайн режимінде алуға болады. Жалпы, мерзімдер үш айдан екі немесе үш жылға дейін өзгереді. Бұл ретте көп сұранысқа ие кезеңдерді қарастырған жөн болар: бір және екі жыл.

Екі жағдайда да қазақстандық қаржы институттары арасындағы жалғыз «еуропалық» «Сберегательный Хоум» өнімін ұсынатын Home Credit Bank ЖТСМ мөлшерлемесі бойынша көш бастап тұр. Бір жылға депозит ашса – 16,9 пайыз, екі жылға 14,3 пайыз ЖТСМ ұсынады. Депозитті 24 айға дейін ашуға болады. Ал алты айға мөлшерлеме – 17,8 пайыз.

Бір жылға депозит ашқан кезде жинақ депозит бойынша 16,9 пайыз мөлшерлемені түріктің КЗИ Банкі де ұсынады, алайда екі жылға арналған депозит үшін ЖТСМ 14,2 пайыз болады. Қолжетімді шарттар 3 айдан 36 айға дейін. Бұл өнімнің кемшілігі де бар: депозитті онлайн ашу қарастырылмаған.

Одан кейін RBK Bank: мұнда ЖТСМ бір жылдық мерзімге 16 пайыз және екі жылдық мерзімге 12 пайыз. Бұл банкте мұндай депозитті 3 айдан 36 айға дейінгі мерзімге ашуға болады. 

Бұған қоса, еске сала кеткен жөн: реттеушінің базалық мөлшерлемені төмендету ықтималдығын ескере отырып, қазақстандықтар қазіргі мөлшерлемені пайдалана отырып тезірек депозит ашып алғаны жөн.

2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша отандық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 18,1 трлн теңгеге жетті, бұл бір ай бұрынғыдан 0,6 пайыз және жылдың басындағыдан 7 пайызға артық.

Бірінші несие бюросының деректері бойынша, «Қазақстан Халық Банкінде» жеке тұлғалардың депозиті екінші ай қатарынан қысқарып келе жатыр. 62,3 млрд теңгеге азайған. Оның есесіне заңды тұлғалардың салымдары соңғы үш айда алғаш рет өсім көрсетті. Олардың салымдарына 32,2 млрд теңге қосылыпты.

«Банк ЦентрКредит», Kaspi және Forte бәсекелестерге қарағанда азаматтардың қаражатын көбірек тартты. Бұл банктердегі жеке тұлғалардың салымдары тамызда 21,5 млрд, 18,9 млрд және 17,6 млрд теңгеге артты. Kaspi-дегі жеке тұлға салымдары жетінші ай қатарынан өсім көрсетіп келе жатыр. Бірақ заңды тұлғалар салымдары тамызда күрт қысқарды – 140,2 млрд теңгеге. Мұндай жағдай 2016 жылдан бері тіркелмеген. Заңды тұлғалардың ең үлкен салым ағыны – «Отбасы банкте» – 100 млрд теңге. Одан кейін – 63 млрд теңге өсіммен Jusan. Үздік үштікті 32,3 млрд теңге өсіммен «Қазақстан Халық Банкі» түйіндейді», деп мәлімдейді Бірінші несие бюросы.

Толтыру және алуға болмайтын жинақтаушы депозиттер

БанктерӨнімОнлайн ашуМинималды сома (мың теңге)Мерзім (ай)ЖТСМ (пайыз) 12 айЖТСМ (пайыз) 24 ай
«Хоум Кредит Банк»«Сберегательный хоум»иә1003 айдан 24 айға дейін16,914,3
KZI BankЖинақ депозитіжоқ403, 6, 12, 24, 3616,914,2
Bank RBKSafeиә153, 6, 12, 24, 3616,012,0
«Еуразиялық банк»Turbo Deposit Жинақтаушыиә156, 12, 24, 3615,711,3
Freedom BankКапиталиә5003, 6, 12, 24, 3615,711,3
Bereke BankПайдаңды жіберіп алмаиә153, 6, 12, 24, 3615,713,6
NurbankНұр Алтын Сберегательныйиә53, 6, 12, 24, 3615,713,0
Halyk BankМаксималдыиә156, 12, 24,15,511,3
Altyn BankРезервиә103, 6, 12, 24, 3615,011,2
«Банк ЦентрКредит»Рахметиә5003, 6, 1214,7
«Әл-Хилал Банк»Мударабажоқ150,0011, 3, 6, 12, 24

Сонымен қатар әр банктің мынадай депозиттік бағдарламалары мен ерекшеліктері бар. Оны да кеңінен тарқатып, таныстырып өтейік.

«Қазақстан Халық Банкінде» депозитті онлайн ашуға болады. 17,5 пайызға дейін тиімді мөлшерлеме бекітілген. Ай сайынғы капиталдандыру жүргізіледі. Сонымен қатар бұл банкте кірістілігі 17 пайызға дейін болатын AQYL депозиті (білім саласына қатысты) бар.

Теңгелей депозиттерге 10 пайыз өтемақы жүреді. Бұл банктің депозиті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры тарапынан қамтамасыз етіледі. Кепілдік 20 млн теңгеге дейін жарамды.

«Нұрбанкте» «Нұр Алтын Оптимальный» депозиті бар. Бұл – толықтырып отыруға және төмендетілмейтін қалдық шеңберінде ішінара алуға арналаған әмбебап депозит. Салым валютасы – теңге, доллар және еуро. Ең төменгі сомасы – 5000 мың теңге, 25 доллар және 25 еуро. Ақша шешпестен, капиталдандыру мүмкіндігі қарастырылған – пайыздық сыйақы ай сайын сіздің басқа шотыңызға түсуі немесе депозит сомасына қосылуы мүмкін, осылайша ол келешектегі аударымдар көлемін арттыруы мүмкін.

Сондай-ақ бұл қаржы институтында «До востребования» депозиті және «AQYL» білім беру салымы бар.

«Еуразиялық банкте» кестеде көрсетілгеннен бөлек жылдық 15,5 пайызға дейінгі шартпен және минималды сомасы 1000 теңгеден басталатын, толықтыру және ішінара алу мүмкіндіктерін ұсынатын «Turbo Deposit» депозиті ұсынылады. Бұл депозитті ашу жағдайында қаржыны үйден шықпай ақ басқару мүмкіндігі болады және күнделікті пайыздан қосылып отырады. Сонымен қатар тәуліктің кез келген сәтінде ақшаны кез келген банкоматтан шешіп алуға болады.

Сонымен бірге, «Turbo Deposit Қазпошта» депозиті де бар. Оның ең төменгі сомасы – 100 мың теңге. Жылдық 8,5 пайызға дейін.

«Банк ЦентрКредит» банкінде «Рахметтен» өзге «Моя цель» және «Чемпион» депозиттері қарастырылған. «Моя цель» ставкасы – 14,9 пайыз. Кепілдік берілетін максималды сома – 10 млн теңге.

«Чемпион» депозитінің минималды сомасы – 1000 теңге, 10 доллар, 1000 рубль және 10 еуро. Ұлттық валюта бойынша – 10 млн теңгеге дейін, шетелдік валюта бойынша – 5 млн теңгеге дейін сақтандырылады.

«Фридом Банкте» кестеде көрсетілгеннен өзге, жылдық ставкасы 15,5 пайыз болатын «Копилка» депозиті бар, ол салымды теңге, доллар, еуро және рубльмен қабылдайды. Ал «Стратегия» депозиті тек теңгелей және долларлық салымдарға арналған. Теңгедегі жылдық тиімді ставкасы – 17 пайыз.

«Хоум Кредит Банкте» жылдық ставкасы 17 пайыз болатын «Сберегательный Хоум Плюс» депозиті бар. Минималды сомасы – 1000 теңге. Салым мерзімі – 6 және 12 ай. Сондай-ақ кез келген уақытта салуға және алуға мүмкіндік беретін, жылдық тиімді ставкасы 16 пайыз болып бекітілген «Простой» депозиті де бар.

Сондай-ақ оқыңыз