фото: kursiv.media
China Global Investment Tracker, ҚХР-ның әлемнің түрлі елдеріне салған ірі инвестициялары туралы мәліметтер базасында Қытай 17 жылда Қазақстан экономикасына 36,7 млрд инвестиция салғанын байқауға болады.
Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясының үштен екісі немесе 25,2 миллиард доллар – энергетика саласындағы жобаларға жұмсалған. Қытайлық инвесторлар Қазақстандағы химия өнеркәсібі, мұнай өңдеудеге қатысты жобаларға 4,4 миллиард доллардан астам қаражат жұмсаған.
Қытайлық компаниялардың ҚР энергосекторындағы ірі инвестициялық мәмілелері
Инвестиция көлемі бойынша да, стратегиялық маңыздылығы бойынша 15 ірі мәмлені жіктеуге болады. Мысалы, China National Pertoleum Corp. (CNPC) «Қазақстан мұнайының қара маржанына» айналған Қашағанның 8% акциясы мен «PetroKazakhstan» компаниясының 67% акциясын сатып алуы. Айта кетейік, «PetroKazakhstan» – Қазақстанның батысында бірнеше кен орындарын игереді. Екі мәміленің жалпы сомасы 9,2 млрд доллардан тан асты. Сонымен қатар, Қытайлық инвесторлар әртүрлі газ жобаларына 6 6 млрд-тан астам инвестиция салған. Мұнай өнімдерінің ірі компаниясы «Lukoil»-дың 50% акциясын қытайлық Sinopec иемденген.
Қазақстан Қытай үкіметіне өз аумағы арқылы мұнай мен газды басқа елдерден тасымалдауға мүмкіндік беретін логистикалық серіктес ретінде де қызықты. Бұған алдыңғы жылдардағы инфрақұрылымдық жобалар мен жақын болашақта қуаттылықты арттыру туралы уағдаластықтар дәлел бола алады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары кезінде CNPC, «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» арасында «Кеңқияқ – Атырау» учаскесінде «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын кеңейту және «Бейнеу-Бозой – Шымкент»газ құбырының екінші желісін салу туралы келісімдерге қол қойылды.
ҚМГ мәліметінше, 2022 жылы «Кеңқияқ-Атырау» арқылы 4,5 миллион тонна, «Кеңқияқ-Құмкөл» арқылы 8,1 миллион тонна мұнай жеткізілген.
«ҚазМұнайГаз» бен CNPC ресурстық базаны, жұмыс көлемін, жобаны жүзеге асыру мерзімін талқылаған.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейтуге шамамен 200 миллион доллар жұмсалатынын айтып, алдағы бұл жұмыс алдағы 2-3 жылда бітеді деген. Оның айтуынша, құбырды кеңейту тасымалданатын мұнай көлемін жылына 20 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан нарығында ірі үлесі бар қытайлық компаниялар
Ірі үлескерлер санатында: Maten Petroleum-ның 95% үлескері Geo-Jade Petroleum компаниясын (инвестициясы – 0.5 млрд доллар), қазақстандық «KoZhan» мұнай-газ компаниясының 100% үлескері Geo-Jade Petroleum компаниясы (инвестициясы – 0.4 млрд доллар) атауға болады. Сондай-ақ, дәл осы Қытай компаниясы Gold Investment-тің де 100% акцисына иелік етеді.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның Қытайға деген инвестициялық тәуелділігін жоққа шығара алмаймыз. Ал, Орталық Азия, соның ішінде, Қазақстан Қытайға қаншалықты қызықты?
Сabar.asia порталы қытайтанушы Руслан Ізімовтың мынандай пікірін алға тартады:
«Қытайдың энергия ресурстарының барлық импортында өңір елдерінің үлесі 4%-дан аспайды. Тиісінше, Қытай үшін Орталық Азиядағы энергетикалық секторға инвестиция салу Қытайды Еуропамен байланыстыратын тиімді жер үсті көлік дәліздерін құруға бағытталған стратегиялық қадам. Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс жағдайында Орталық Азия ресурстарының маңыздылығы артып келеді», – дейді Руслан Ізімов.
Қытайдың Қазақстанға 2005-2023 жылдар аралығында құйған инвестицияларының жиынтық сомасы да біршама. Мәселен, 2014 жылы рельске 350 миллион доллар салынған. Нақтырақ жіктесек: 36.7 млрд доллардың:
Энергетика – 25.2 млрд доллар
Транспорт – 3.3 млрд доллар
Химия өнеркәсібі – 4.4 млрд доллар
Жылжымайтын мүлік -0.4 млрд доллар
Металлургия – 2.8 млрд доллар
Басқа салалар – 0.6 млрд доллар
Инвестициялық саясат. Үміт пен күдік
Таяу келешекте Қытай инвестицияларының Қазақстан экономикасына ықпалы қалай жүзеге астаынына қатысты болжамдар айтыла бастады. «Синопсис» атты Қытай және Орталық Азияны зерттеу орталығы Руслан Ізімов Қазақстанның уран секторындағы Қытай үлесінің тез өсуіне назар аударады. Мұндай Қытайға және қытайлық инвестицияларға үлкен тәуелділік белгілі бір тәуекелдерді тудыруы мүмкін екенін айтады.
Жақында PaperLab зерттеу орталығы «Қытайдың Қазақстандағы қатысуы қалай қабылданады: басқарушылық, әлеуметтік, және экологиялық өлшемдерді талдау» атты зерттеуін аяқтағанын жазғанбыз. Оның негізгі мақсаты — жергілікті қауымдастықтардың Қытай жөніндегі пікірі ҚХР-ның компаниялары және инвестицияларымен тікелей қарым-қатынасқа түскен кезде қалай өзгере алатынын анықтау. Зерттеу орталығының зерттеушісі Виктория Немнің айтуынша, зерттеуді ұйымдастырудағы мақсат – қытайлық инвестициялық жобалардың ел арасында қалай қабылданатынын білу болған.
«Зерттеу үшін шағын елдімекендерді таңдап алдық. Біз сауалнама жүргізген үш елдімекенде де жер мәселесі өте өткір тұрды. Тұрғындар жергілікті шенеуніктер жерді әділетсіз және жемқорлыққа сүйеніп бөліп отыр деп есептейді. Екінші көтерілген мәселе – базалық коммуналдық қызметтер жайы», дейді Виктория Нем.