Көлік нарығындағы дағдарыс: Tesla АҚШ-тағы модельдердің бағасын төмендетті
Әлемдегі ірі электромобиль өндірушісі Tesla АҚШ-тағы бюджеттік Model 3 және Model Y бағаларын төмендетті. Бұл жайлы компанияның өзі хабарлады.
Model 3 седанының артқы жетек нұсқасының құны 38,990 – дан 40,240 долларға дейін, кеңейтілген диапазон (Long Range) нұсқалары 47,240-тан 45,990 долларға дейін, жылдам үдеткішпен жетілдірілген 3 Performance моделі 53,240-тан 50,990 долларға дейін төмендетілді.
Model Y Long Range кроссовері 48 490 доллардан 50 490 долларға дейін, Performance моделі 54 490 доллардан 52 490 долларға дейін арзандады.
Tesla биыл америкалық тұтынушылар үшін электромобильдердің бағасын бірнеше рет төмендетуге барды. Мысалы, сәуір айында Model S Премиум седандары мен Model X кроссоверлерінің құны 5 мың долларға дейін түсті.
Еске сала кетейік, америкалық ірі электромобиль өндірушісі Tesla зауыттарының жоспарланған тоқтатылуына байланысты әлемдік нарыққа шыққан көлік саны кеміген еді. Шілде-қыркүйек айларында Tesla әлемдік нарыққа 435,059 көлік жеткізген, ал алдыңғы тоқсанда 466,145 көлік шығарған. Бұл жайлы компания хабарлады.
Tesla өнімдерінің бағасы арзандағанымен, бұл жолы Tesla және SpaceX компанияларының иесі Илон Маск дәулеті жөнінен барлық байлардан оқ бойы озық шықты. Twitter-ді сатып алуға қомақты қаражатын жұмсаса да, одан Маск дәулетінің мұрты да бұзылмаған. Forbes деректері бойынша оның байлығы бүгінде 251 миллиард долларға бағаланады.