Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекарада қару мен есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Фото: ҰҚК

ҰҚК Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстанмен шекарада заңсыз қару сатып, есірткі таратып, өзге де ауыр қылмыс істегі деген күдікпен 72 адам ұстады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізген.

«Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді, делінген хабарламада.

Қылмыстық топ Қытай («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстан («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстан («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас аймақтарда қылмыс істеген.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдер тәркіленіп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өткен аптада Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгіні шетел асырмақ болғандар ұсталды.

Қыркүйек айында Болат Назарбаевтың көмекшісі саналған Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі елге жеткізілген еді.

Бұған дейін ҰҚК 6 айда шекарада 1 тоннаға жуық есірткі тәркіленгенін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз