Жаңалықтар

Салық органдарының атынан деп электрондық поштаға «ЭЦҚ процедурасындағы өзгерістер» туралы СПАМ хаттар келіп жатыр

Қазіргі уақытта салық органдарының атынан деп электрондық поштаға әр түрлі мекенжайлардан «ЭЦҚ процедурасындағы өзгерістер» туралы СПАМ хаттар келіп жатыр екен. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды және мемлекеттік кірістер органдарына қатысы жоқ.

Сондықтан аталған хабарламаға қоса жалғанған сілтемеге өтпеген дұрыс»,-делінген хабарламада.