Жаһандық экономиканың қалпына келгеніне қарамастан, жаһандық ЖІӨ өсу қарқыны әлсіз және пандемия басталғанға дейінгі соңғы екі онжылдықта байқалған 3,8% орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Бұл жайлы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиева айтты.
«Соңғы жылдардағы күйзелістерді қалпына келтіру жалғасып жатыр, десе де ол өте баяу жүруде және біркелкі емес. Жаһандық өсімнің қазіргі қарқыны айтарлықтай әлсіз. Қазіргі көрсеткіштер пандемияға дейінгі екі онжылдықтағы орташа 3,8%-дан әлдеқайда төмен», деді ХВҚ басшысы Кот-д’Ивуарда өткен жиында.
Георгиева 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жаһандық экономика «айтарлықтай тұрақтылық» көрсеткенімен, күтілетін өсім орта мерзімді перспективада бұдан әрі әлсірейтінін айтады.
ХВҚ 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықтағы жаһандық күйзелістердің салдарынан әлемдік өндіріс 3,7 триллион доллар жоғалтқан.
ХВҚ басшысы сонымен қатар «әртүрлі елдер арасында экономикалық жағдайдың диспропорциясы артып келе жатқанын» атап өтті.
«Экономикалық бөлшектену өсу перспективаларына, әсіресе нарықтық экономикасы енді қалыптасып келе жатқан және дамушы елдер үшін соның ішінде Африкаға қауіп төндіреді», – дейді Кристалина Георгиева.