Швеция Украинаға 190 млн еуро көлемінде әскери көмек көрсетеді

Жарияланды

Швеция билігі Киевке 190 миллион еуроға бағаланған кезекті әскери көмек траншын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Интерфакс ру.

«Швеция Укранаға негізінен қарудың бөлшектері мен оқ-дәрілер береді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Стокгольм спутниктік байланыс жабдықтарын беруді жоспарлап отыр.

Швецияның Қорғаныс министрлігі бұл Украинаға берілген 14-ші көмек пакеті екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Швеция үкіметі елдің әскери қолбасшылығына 6 қарашаға дейін Украинаға Gripen жауынгерлік ұшақтарын беру туралы есеп дайындады.

Сонымен бірге, Стокгольмде мұндай ұшақтарды Швеция НАТО-ға кіргенге дейін беру мүмкін емес деп ескертеді. Қазіргі уақытта Швецияның солтүстік атлантикалық альянсқа қосылуын Түркия мен Венгрия ратификациялаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз