Теңіз кен орнында мұнай өндіру жылына 12 миллион тоннаға ұлғаяды

Жарияланды

фото: kursiv.media

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атырау облысының халқымен кездеуінде Теңіз кен орнында мұнай өндірудің жылына 12 млн. тоннаға ұлғаятынын айтты. Сонымен қатар газ тапшылығына қатысты сауалдарға жауап берді.

Теңіз кен орнында // Келешекте кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. 2024 (екі мың жиырма төртінші) жылы Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 (он екі) млн.тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қарашығанақ кен орнында 4-ші (төртінші) газды кері айдау компрессоры іске қосылды. 5-ші (бесінші) компрессорды іске асыру басталды. Оның құны –  шамамен 1 (бір) млрд. АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар 735 (жеті жүз отыз бес) млн. АҚШ доллары сомасына 6-шы (алтыншы) компрессор да салына бастады, – деді министр.

Министрдің айтуынша, жаңа жобалар бұл кен орнында өндіруді жылына 10-11 (он-он бір) млн. тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған.

Жиында Қашағанда қуаты 1 (бір) млрд.м3 (текше метр) // ілеспе газды қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру басталғаны айтылды. Министр газ өңдеу зауытының салу қуаты – 2-ден (екіден) 6 (алты) млрд.м3 (текше метрге) дейін болатынын айтты.

Алмасадам Сәтқалиев ілеспе газ тапшылығының алдын алуға қатысты қолға алынған жобаларды тарқатты.

Қазақстанда газ тұтыну көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Бұл дегенің – индустриалды сектор. Сонымен қатар, Түркістан, Қызылорда облысындағы генерацияларды дамыту жобаларына да газ қажет. Алматы энергия орталығын да ауыстыру жоспарланып отыр. Атыраудағы ЖЭО қызметі де газ есебінен кеңейеді. Ірі-ірі жобалардың басым бөлігі қосымша газ өндіруді қажет етеді. Бұған қатысты бірқатар негізгі жобалар жүзеге асады, – деді ол.

Министр Қашағанда қуаты 1 миллиард болатын мұнай өңдеу зауытының да іске қосылатынын нақтылады. Баяндамаға қарасақ, келесі кезеңде зауыт қызметін кеңейтіп, қуатын арттыру көзделген. Бұл дегеніміз 2 + 2. Яғни, 2А фазасы деп аталатын жобадан тұруы керек. Бірінші кезеңде жылына 2 емес, 2,5 миллиард текше метр газға қол жеткізуге болады.

Айта кету керек, Қарашығанақ газы Ресей Федерациясындағы зауытта өңделеді. Газдың қалған бөлігі елге қайта жөнелтіледі.

Сонымен қатар, министр жөндеу жұмыстарының аяқталуы қазан айының соңына жоспарланғанын атап өтті.

Естеріңізде болса, Ресей қазан айының соңына дейін Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ жеткізуді қолға алады, деп хабарлаған еді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

«Қазіргі уақытта құрылысқа байланысты Қазақстан аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр. Жақын арада, осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, транзиттің басталғаны туралы хабарлай аламыз. Газ көлемі өзбек тарапының өтініміне сәйкес келісіледі, яғни өтінімді алғаннан кейін біз транзитке кірісеміз», — деді Сатқалиев журналистерге KAZENERGY форумының аясында.

Сондай-ақ оқыңыз