Ұлттық банк төрағасы 1,5 миллионға iPhone алғанша ақша жинауды ұсынды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілікті жоғары шек туралы сұраққа жауап берді.

Ұлттық банк басшысы зейнетақы жинақтарын оңды-солды жұмсауға қарсы екенін айтты:

«Сіз бәрін бір сәтте жұмсамай, жинақтау әдетін қалыптастыра білуіңіз керек. Қазіргі қоғам тұтынуға бағытталған, жаңа нәрсе шықса, сатып алуға ұмтылады. Мысалы, 1,5 миллион теңге тұратын iPhone алудың не қажеті бар. Тағы осындай дүниелер. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Зейнетақы жинақтарын бірдей, бір сәтте бәрін жұмсауға тырысудың қажеті жоқ, Кәрілік туралы ойлану керек. Біз жас ұрпақ ретінде қазір зейнетке шыққандар туралы ойлануымыз керек», – деп деді Сүлейменов.

Сонымен қатар, Ұлттық банктегі брифингте Сүлейменов зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткілікті шекті төмендетуге қатысты пікір білдірді.

«Ең алдымен, біз өзімізге зейнеткерлікке шыққан адамның қалыпты өмір сүруіне басымдық беретінімізді айтуымыз керек. Біздің өмір сүру коэффициенті қандай? 7, 10, 12 жыл? Бұл уақыт аралығында қалыпты өмір сүреді, жалақысы болмаса да.

Менің ойымша, бірінші сұрақ маңыздырақ. Жеткіліктілік шегі демографиялық есептеулер қайта есептелгендіктен қайта есептелді, кірістер бойынша есептеулер қайта есептелді, сәйкесінше жеткіліктілік шегі көтерілді. Сол азамат зейнетке шыққаннан кейін лайықты зейнетақы төлемдерін алуы үшін. Жеткіліктілік шегінде қозғалудың қажеті жоқ, әйтпесе біз өзіміз зейнеткерлеріміздің жағдайын нашарлатамыз», – деп жауап берді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл соңына дейін инфляцияның 10%-дан төмендеу мүмкін екенін айтқанын жаздық. Ол базалық мөлшерлемені төмендетуде Ұлттық банктің не себепті сақтық танытып отырғанын айтты.

«Біздің базалық мөлшерлемені түсіруге келгенде сақтық танытып отырғанымыздың бір себебі, әзірге тәуекелдер көп. Егер жыл соңына дейін біз бірқатар шараларды үйлестіре отырып жүзеге асыра алатын болсақ, онда жылдың аяғына дейін инфляцияның 10%-ға немесе одан да төмендеуі мүмкін деп болжаймыз. Бірақ бұл көптеген факторларға байланысты болады», дейді Ұлттық банк төрағасы.

Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені 16%-ға төмендетуге әсер еткен негізгі фаторларды атады. Басты фактор – жылдық инфляцияның баяулауы болған.

«Инфляция 11,8% болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, менің ойымша. Әрине әлі де, жоғары базалық әсер бар, өйткені былтыр инфляция өте жоғары болды. Қазір ол бірте-бірте баяулап келледі. Ал не себепті 0,5-ке түсіргенімізді айтар болсам, біз 0,25-ке де түсіруге болар еді. Бірақ өздеріңіз білесіздер, инфляциядан басқа да өлшемдер бар. Яғни жылдық инфляция бар, ай сайынғы инфляция мен инфляциялық күтулер бар. Шешім шығарарда осының бәрі ескерілуі тиіс. Міне, осының бәрін таразылай келе, біз 0,5-проценттік пунктке түсіруді жөн деп таптық», дейді Сүлейменов.

Ескек сала кетсек, Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз