Израиль қорғаныс әскері «Хамас» ұйымының ауқымды шабуылына қарсы «Темір қылыш» операциясының басталғанын хабарлады. Бұл туралы «Таймс оф Израэл» басылымына сілтеме жасап Интерфакс хабарлайды.
7 қазан күні Израиль әскери-әуе күштерінің ондаған истребительдері Газа секторындағы Хамас нысандарына соққы жасады. Ал, осы елдің қорғаныс армиясының өкілі Даниэль Хагари Израиль тарапы 2,2 мыңнан аса зымыран атқылағанын ал, Хамас әскерлері елге құрлық, әуе және теңіз жолдары арқылы енгенін мәлім еткен.
Газа секторында «палестиналық террористер сенбі күні таңертең Израильдің оңтүстік және орталық аудандарын зымыранмен атқылаған». Сонымен қатар, ондаған палестиналық содырлар әскери жүк көліктері мен парапландар арқылы Газа секторынан Израиль аумағына өтіп, изарильдық азаматтарды тұтқынға алған. Хамас ұйымы 35 азаматты ұстап отырғанын мәлім етті. Кейбір деректерде тұтқындағы израильдіктер саны елуге жеткені айтылады.
Интерфакс дерегінше, зымыраннан атқылау салдарынан 100 ден аса израильдық зардап шеккен, бір адам опат болған.
«Хамас» әскери ұйымының басшысы Мұхаммад Деф, қозғалыс Израильға қарсы 5 мың зымыран жібергенін мәлім етті. Ол барлық палестиналықтарды қолға қару алуға шақырды.
«Хамас» серкесі Исмаил Хания болса, ресми мәлімдеме жасап, Иерусалимдегі «Әл-Ақса» мешітін, қасиетті орындар мен палестиналық тұтқындарды қорғауға шақырды.