Ауғанстандағы жер сілкінісі: 2 мыңнан астам адам мерт болды

Жарияланды
Землетрясение в Афганистане

Ауғанстанның батысында Герат провинциясында бірнеше ірі жер сілкінісі болды.Сонын салдарынан көптеген адамдар қаза тапты, деп хабарлайды Associated Press ұлттық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап. 8 қазанда агенттік қаза тапқандар саны 2 мыңнан астам адамға дейін өскенін хабарлады.

8 қазан, жексенбіде Талибан Үкіметінің өкілі (Қазақстанда террористік деп танылды және тыйым салынды) жойқын жер асты дүмпулері салдарынан қаза тапқандар туралы хабарлады. Бұл елдегі соңғы жиырма жылдағы ең қауіпті жер сілкіністерінің бірі.

Қанша елді мекен қирады. Ауғанстанның Ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі Абдул Вахид Райан алты ауыл қирап, жүздеген бейбіт тұрғындар үйінділер астында қалды деп деп мәлімдеді.

Жергілікті билік қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деп болжайды, өйткені іздеу-құтқару жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Жер сілкінісінің эпицентрі қайда болды. АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде болғанын хабарлады. Одан кейін магнитудасы 6,3, 5,9 және 5,5 болатын үш өте күшті афтершок, сондай-ақ әлсіз соққылар болды.

Сондай-ақ оқыңыз