Жаңалықтар

II және III техникалық санаттағы автожолдар ақылы болады

Платная дорога
Фото: Pixabay.com

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды. Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті. Бұл туралы ҚазАвтожол баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап «Павлодар-Семей-Қалбатау» күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:
⦁ 2023 жылғы 9 қазанда «Бейнеу-Ақжігіт»;
⦁ 2023 жылғы 10 қазанда «Орал-Самара»;
⦁ 2023 жылғы 14 қазанда «Павлодар-Омбы»;
⦁ 2023 жылғы 16 қазанда «Көкшетау-Петропавл» күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.
⦁ Сонымен қатар «Орал-Саратов» жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.

Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

Жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);
1. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
2. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
3. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;
4. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 тг/км;
5. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.