Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдаушылық білдіреді

Жарияланды (жаңартылды )

Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырады.

«Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда»,-делінген СІМ ресми өкілінің хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз