Қазақстанның Израильдегі елшілігі қазақстандықтарға үндеу жариялады

Жарияланды

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі ҚР азаматтарына Израиль билігінің нұсқауларын орындауды ұсынды. Сондай-ақ, өкілдікте шұғыл байланыс нөмірлері жарияланды.

Қауіпсіздік жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Израильдегі Елшілігі барша (әсіресе, елдің оңтүстігіндегі) қазақстандық азаматтарды Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіз жерлерде отырып, ресми билік хабарлағанға дейін сонда қалуға қатаң кеңес береді.

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің шұғыл байланыс телефондары:

+972 (3) 741 78 05 (кезекші),

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp),

+7 700 111 31 96 (whatsapp).

Газа секторында «палестиналық террористер сенбі күні таңертең Израильдің оңтүстік және орталық аудандарын зымыранмен атқылаған». Сонымен қатар, ондаған палестиналық содырлар әскери жүк көліктері мен парапландар арқылы Газа секторынан Израиль аумағына өтіп, изарильдық азаматтарды тұтқынға алған. Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады.

Сонымен қатар Air Astana Израильдегі жағдайға бола әуе қатынасын тоқтатты.

Сондай-ақ оқыңыз