Жаңалықтар

Сот үкімімен Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына 1,7 млн теңге айыппұл салынды

Коллаж kursiv.media

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы – Нұрасыл Болатқа екі заңгермен сөзге келіп, оларға дене жарақатын салғаны үшін сот 107 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, Қорғаныс министріне қатысты да жеке қаулы шықты.

Депутаттың ұлы неге сотқа тартылды. Алматы гарнизонының Әскери соты Болат Нұрасылға екі заңгердің денсаулығына әдейі орта деңгейдегі залал келтіргені үшін 500 АЕК, 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл төленбеген жағдайда сарбаздың бостандығы шектелуі немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін. Сонымен қатар, өзі залал келтірген екі адамға 500 мың теңгеден моральдық шығынын өтеуі тиіс.

Үкім заңды күшіне 15 тәуліктен кейін енеді. Осы уақыт аралығында сотталушы сот үкіміне аппеляциялық шағым түсіре алады.

Сонымен қатар сот Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың атына да жеке қаулы шығарды.

Судьяның дерегінше, Нұрасыл Болат 2022 жылы қараша айында әскер қатарына шақырылған. 10 ақпан күні демалысқа шыққан ол, Алматыға барып, спиртті ішімдік ішкен, түнгі клубта болып, сол жерде екі заңгермен арадағы жағдай болған. Соттың анықтауынша, әскери борышын өтеу кезінде оған жеті рет демалыс берілген. Осылайша депутаттың ұлы әрбір тоғызыншы күні демалыс алып отырған. Ал, басқа сарбаздарға мұндай демалыс «берілмеген», деп атап өтті судья. Салдарынан сарбаз жүгенсіз кеткен, бұл ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайға теріс әсер еткен.

Судья әскери тәртіптің төмендігі мен барлық деңгейдегі командирлердің нашар даярлығын адап өтіп, Нұрасыл Болаттың құқық бұзуына итермелеген жағдайларды Қорғаныс министрдің назарына жеткізу туралы қаулы шығарды.