Жаңалықтар

Қос министр де бюджет кірістілігінің кеміп қалғанын мойындады: мұнай бағасының өсуі мұны шеше ала ма?

фото: kursiv.media

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет кулуарында теңгенің әлсіреуі мен мұнай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басындағы мұнай бағасына қатысты болжамның айна-қатесіз болғанын айтып, республикалық бюджет кірістілігінің кемігенін мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін, қыркүйек айында, мұнай бағасы барельіне 90 долларға дейін жетткен жағдайлар болды. Мұндай «ойнамалы» көрсеткіштің біздің нарықтық экономикамызға қатерлі екенін айтуға болады. Жыл басында біз 85 долларға дейін жететінін болжағанбыз, қазір бұл деңгейде тұр. Бұдан бөлек, сегіз ай бойы мұнай бағасы қатерлі шекке дейін құлдырады. Мұндай жағдайда республикалық бютжет кірістілігінің кеміді. Менің ойыша, қазіргі мұнай бағасының көрсеткіші – тиімді баға. Біз бұл арқылы жыл соңына дейін көптеген қажетті төлемдерді жүзеге асыра аламыз, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар, бас қаржыгер теңге бағамына негізгі әсер етуші факторлард атады. Мұнай бағасының артуы жалғасатын болса, теңгені нығайтудың мүмкіндіктері молаятынын жеткізді.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров болса, қазіргі мұнай бағасының экономикамызды оңалтуда тиімді екенін атап өтті.

Бұрын да айтқанымыздай, теңгенің әлсіреуі байқалса да, мұнай бағасының өсуі бюждетке ықпалды болады. Мұны мұнай экспорты арқылы өндіріп алуға негіз бар. Болып жатқан қақтығыстардың Қазақстанға қатысы жоқ. Ең бастысы, елдегі жағдай тұрақталып келеді, – деді Қуантыров.

Еске сала кетейік, Қыркүйекте теңге бағамы 3,4%-ке әлсіреп, 1 доллар үшін 474,99 теңгеге дейін барды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету мақсатымен 1 млрд 155 млн доллар валюта сатылды.

ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Б. Шолпанқұлов теңгенің әлсіреуіне бірқатар сыртқы және ішкі факторлар ықпал еткенін айтады:

Біріншіден, АҚШ доллары жаһандық деңгейде нығайды. АҚШ долларының индексі дамыған елдердің валюта қоржынына қарсы қыркүйекте 2,5%-ке күшейді.

Екіншіден, бюджет қаражатын игеру және жобаларды іске асыру циклінің өсуіне байланысты импорттаушылардың маусымдық сұранысы артты.

Квазимемлекеттік секторда экспорттық валюталық түсімді міндетті сату нормасының тоқтатылуы да, АҚШ Федералды резервтік жүйесінің қатаң монетарлық саясаты аясында базалық ставканың төмендеуі де теңгенің әлсіреуіне әсер етті, – деді Б. Шолпанқұлов.