Жаңалықтар

TikTok қазақстандық қолданушыларға психологиялық қолдау көрсететін болады

TikTok 10 қазандағы Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай қазақстандықтар үшін жаңа функционалды іске қосады. Жаңа баған қолданушылардың психикалық әл-ауқатына қамқорлық жасау мақсатында құрылады.

Енді қолданушы қосымшадағы іздеу жүйесіне психикалық денсаулыққа қауіп төндіретін сөздерді енгізген жағдайда, психологиялық жай-күйіне көмектесетін ресурстар туралы ақпараты бар бет ашылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы TikTok-тың ресми серіктесі саналатын telefon150 психологиялық қолдау қызметімен байланыс орнайды.

TikTok әкімшілігінің хабарлауынша, платформа қолданушылары өз психологиялық жағдайына қатты алаңдайды:

TikTok қолданушылары психикалық әл-ауқат тақырыбына көбірек қызығушылық танытып, өздеріне қамқорлық жасауға көмектесетінін байқаймыз. Мысалы, #психикалық денсаулық хэштегіндегі бейнелер 300 миллионнан астам қаралды, – дейді TikTok әкімшілігі.

фото: TikTok

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында TikTok жергілікті аймаққа тән жаңа функционалды іске қоспақ. Енді Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде арнайы хабарламалар қолжетімді. Олар менталды денсаулық үшін қауіпті тақырыптармен байланысты. Бұл тақырыптарға өзіне зиян келтіру, суицид және жалпы психикалық денсаулық мәселелері кіреді.

Атап айтқанда, хабарламалар пайдаланушыларға өздерінің психологиялық әл-ауқатына қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады, олардың жағдайын жақсартуға қалай көмектесуге болатыны туралы ресурстарға сілтемелер береді. TikTok-тың психикалық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі ресми аймақтық серіктесі telefon150 тәулік бойғы психологиялық қолдау қызметінің байланыстары, оның қызметтері кеңес беру мен шұғыл психологиялық көмекті қамтиды. Бұл жаңалық еліміздің түкпір-түкпірінен келген пайдаланушыларға қажет кезде қолдау алуға мүмкіндік беретін тағы бір маңызды қадам болмақ.

TikTok белгілі бір психикалық мәселелерге назар аудару және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмектесу үшін өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын пайдаланушыларды да қолдайды. Ақпаратта:

TikTok қауіпсіздік орталығында платформаның саясаттары, құралдары және параметрлері туралы барлық қажетті ақпарат бар. Мысалы, әл-ауқат жөніндегі нұсқаулықта пайдаланушылар өздерінің психикалық әл-ауқатын қалай сақтау керектігін біле алады, Суицид және өзіне-өзі зиян келтіру бөлімінде TikTok-тың өзін-өзі өлтіруге бағытталған әрекеттерді насихаттайтын мазмұнды таратудың алдын алу бойынша жұмыс насихатталады. Ал «қорқытудың алдын алу» бөлімінде пайдаланушылар қорқыту мәселелері бойынша ақпарат пен қолдау ала алады, – делінген.

Еске салайық, Еуропалық ережелерге сәйкес балалардың жеке өмірін қорғамағаны үшін TikTok компаниясына Еуропалық одақ 368 миллион доллар айыппұл салды. Ал елімізде балаларға арналған қауіпсіз контентті қалыптастыру үшін еліміздегі TikTok, Instagram, Facebook, Вконтакте және YouTube платформаларының өкілдерімен жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.