Ұлттық экономика Вице-министрі Азамат Әмрин Мәжілістегі Бюджет кодексінің тұсаукесерінде Ұлттық қордан нысаналы трансферт алу үшін «аса маңызды» жоба қандай критерийлерге сәйкес келу керектігін айтты. Бұған дейін Ұлттық қордан қаражатты пайдалануға шектеу енгізіліп, тек маңызды инфрақұрылымды дамытуға ақша бөлуге рұқсат берілген болатын.
«Маңызды нысандарға жұмыс орындары мен қосымша салықтар беретін зауыт сияқты құрылыс кіреді. Сонымен қатар күнделікті тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым (жылу электр станциялары, кәріз тазарту құрылыстары). Бір мезгілде бірнеше облыстың аумағында бірдей нысандар салынатын «жайлы мектептер» жобасы сияқты жалпыхалықтық жобаларға». Жеке бапта «балаларға арналған Ұлттық қор» бойынша ережелер енгізілген, — деп түсіндірді Әмрин.
Маңызды объектілерге мыналар жатады:
Қызметін авариялық тоқтату жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін объектілер;
ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жалпымемлекеттік инфрақұрылымдық объектілер.
Ұлттық маңызы бар жобаларға мыналар жатады:
Кемінде екі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың экономикалық дамуын қамтамасыз ететін объектілер;
белгілі бір саладағы біртекті жобаларды ел ауқымында біржолғы іске асыру жолымен міндеттерді белгіленген мерзімде шешуге бағытталған объектілер.