Энергетика министрлігі Атырау облысы үшін 750 тонна көлемінде қосымша СМГ көлемін бөлді

Жарияланды

ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарына сәйкес, 2023 жылдың қазан айында Атырау облысы үшін 5 263 тонна мөлшерінде сұйытылған газ көлемі бекітілді, өңірдің негізгі ай сайынғы қажеттілігі 6 200 тоннаны құрайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Жеткізу көлемінің төмендеуі АМӨЗ-дегі жоспарлы-алдын алу жұмыстарымен байланысты.

Тұтынушылар арасындағы қазіргі сұранысты ескере отырып, Энергетика министрлігі Атырау облысы үшін 750 тонна көлемінде қосымша СМГ көлемін бөлді.

Көлемді жеткізу 11 қазанда басталады.

Естеріңізде болса Сұйытылған мұнай газын автокөлікпен экспорттауға 3 жылға, ал теміржол көлігімен әкетуге 6 айға тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыз