Жаңалықтар

Қазақстандық байланыс операторлары Израильдегі өз абоненттеріне қолдау көрсетеді

Фото: freepik

Kcell/activ, Tele2/Altel және Beeline Израильдегі өз абоненттеріне сын сағатта қолдау көрсетеді. Ұялы байланыс операторлары роумингте ақысыз байланыс пакеттерін ұсынбақ.

Нақтырақ айтқанда оларға келесі ресурстар кірді: 30 минут және 3 ГБ трафик және бұл мүмкіндіктер 14 күн ішінде әрекет етеді. Қажет болған жағдайда пакеттерді ұзарту мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін Ауғанстанға ұшып кеткен ҚР ТЖМ қызметкерлерінің жұмысын қолдау мақсатында, барлық ұялы байланыс операторлары құтқарушыларға роумингте тегін пакеттерін ұсынады. Оларға 3ГБ мобильді интернет және 30 мин. дауыстық байланыс кіріп отыр.

Айта кетейік Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдаушылық білдіреді деп хабарладық.

Қазақстанның Израильдегі елшілігі қазақстандықтарға үндеу жариялады.