Polymetal-дан кейін тағы бір компания өз бизнесін Қазақстанға көшіруді жоспарлап отыр. Fix Price Group компаниясы Кипр аралынан Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) редомициляция жүргізуді жоспарлап отыр.
Компания редомицилиациядан кейін жаһандық депозитарлық қолхаттардың ағымдағы бағдарламасын, сондай-ақ Лондон қор биржасында (LSE) және Мәскеу биржасында (MOEX) өзі листингін сақтап қалуға ниетті. Қазір Fix Price-тың Қазақстанда 262 дүкені мен 1,6 мыңға жуық қызметкері бар.
Бизнесін көшіру арқылы Fix Price Group Қазақстан заңнамасына сәйкес жаңа құрылтай шартын және компанияның жарғысын бекітуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шара барысында компания өз акционерлерінен директорлар кеңесінің мүшелерін және басқа лауазымды тұлғаларды тағайындауы керек. Сондай-ақ Кипр заңнамасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 тамызға дейінгі кезеңге жеке қаржылық есептілікті бекітуі қажет. Компания бұл мәселелерді 2023 жылдың 9 қарашасында Кипрде өтетін акционерлердің кезектен тыс жиналысында шешпек.
Fix Price-тың Қазақстанға редомициляция жасалатыны хабарланған соң, компанияның Мәскеу биржасындағы құнды қағаздары қымбаттаған. Мәскеу уақыты бойынша 18:50-дегі жағдай бойынша бір бағалы қағаздың бағасы 371,2 рубльді құрайды. Бұл 6 қазан, жұма күнгі сауданың жабылуы кезіндегі бағадан +4%-ға артық.
Украинадағы соғыс басталғаннан кейін санкция салдарынан оффшорлық компания ретінде әрекет еткен көптеген елдер заңнамаларына сәйкес, өз аумағында «тіркелген» ұйымдарға қойылатын талаптарды қатайтты. Осыған байланысты ресейлік компаниялар бірнеше проблемаға тап болды. Олар өзінің ресейлік акционерлеріне дивидендтер төлей алмай қалды. Содан кейін көптеген компаниялар өз бизнесін «дос саналатын» елдерге көшіре бастады.
Мәселен, Polymetal өз бизнесін осы жылдың тамыз айында Британдық Джерси аралынан Қазақстандағы АХҚО-ға көшірді. Солайша өз бизнесін Қазақстанда тіркеген бірінші компания болды. Медициналық қызмет көрсететін United Medical Group, MD Medical Group клиникалар желісі және VK технологиялық корпорациясы да редомициляция жүргізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетсек, 29 тамызда Polymetal Лондон қор биржасының (LSE) негізгі сегментіндегі саудасын тоқтатты. Компанияны қайта тіркеуге байланысты 28 шілдеде өткен акционерлердің жалпы жиналысында делистинг туралы шешім қабылданған.
7 тамызда Полиметалл Джерси аралынан Астанаға қайта тіркеуді аяқтады. Осыдан кейін Несис Полиметалл ресейлік активтерді сату мүмкіндігін қарастырып жатқанын және түскен қаражаттың бір бөлігін Қазақстандағы жаңа кәсіпорындарға инвестициялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы екі жылда халықаралық қаржы орталығының (АХҚО, AIX) биржасындағы өз акциялары бойынша өтімділік деңгейін Лондон қор биржасында болған көрсеткіштерге дейін арттыруға ниетті екенін жеткізді.
«Polymetal»- Ресейдегі ең ірі күміс өңдірішусі және де алтын өңдірілішілердің бірі. Холдинг кәсіпорындары Магадан және Свердловск облысында , Хабаровск, Саха, Чукотка және де Қазақстанда орналасқан. Ең ірі акционер – Александр Несис және оның серіктестері.