Тарифтің көтерілуі: Тамара Дүйсенова халыққа бюджеттен көмек қарастырылады деп сендірді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Коммуналдық төлем көлемі әкімдік белгілеген мөлшерден асып кетсе, бюджеттен тұрғын үй көмегі қарастырылған. Бұл Міжілістің жалпы отырысында жайлы мәжілісте Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты.

Дүйсенова депутаттардың өңірлерге шығу барысында азаматтардан түскен өтініштердің мемлекеттік органдардың қарау нәтижесіне тоқталды. Ол азаматтардан депутаттардың атына 2,5 мыңнан астам өтініш кеп түскенін, барлық өтінішке жауап берілгенін айтты. Сонымен бірге олардың орындалу барысын Үкімет өз бақылауына алатынын жеткізді. Солардың ішінде халықты қатты алаңдатқан мәселе – техногендік апат салдары.

«Біріншіден, өтініштердегі көп көтерілген мәселенің бірі өткен жылғы жылу желілеріндегі ірі техногендік апаттардың салдарын жою және осы саладағы инфраструктураның потенциалын көтеруге қатысты. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша:   1) Жылумен қамтамасыз ету нысандарын салу, күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарының кестесі әзірленді.   2) Үкіметтің резервінен Екібастұз, Риддер, Рудный, Степногорск, Көкшетау, Ақтау, Семей, Павлодар қалаларының жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жөндеу үшін 55 млрд теңге бөлінді; 3) Жүйелі шараның бірі ретінде, осы салаға едәуір инвестиция тартуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда», деді Дүйсенова.

Бұл жобаның аясында инженерлік желілерді жөндеу және осы саладағы қызметкерлердің жалақысын арттыруға, кадрларды тартуға, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 250 млрд теңге шамасында қаржы тарту жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен бірге электр энергеиясына қатысты мәселені шешу  үшін Электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы моделі енгізілгенін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары осы жылы тарифтер көтеріліп жатқанын, халыққа ауыртпалық түспеу үшін бюджеттен тұрғын үй көмегі қарастырылғанын айтты.

«Мұндағы тағы бір өзекті мәселе – ол тарифтің өсуіне қатысты. Бұл жағдайда Үкімет азаматтарды әлеуметтік қолдау механизмін қолданатын болады. Яғни, егер отбасының төлейтін коммуналдық шығындарының көлемі жергілікті атқарушы органдар белгілеген пайыздық көлемінен асып кетсе, онда мұндай отбасыларға бюджеттен тұрғын үй көмегі төленеді», деді ол.

Бұған дейін, Тамара Дүйсенова агроөндіріс кешенін субсидиялауға қосымша қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан болатын. Бұл шара ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында астықты тікелей сатып алуды да көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз