Kaspi Bank жаңа қызмет түріне ие болды
Kaspi Bank кастодиандық қызметті жүзеге асыру үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясын алды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында мәлім болды.
Айшықтай кетсек, кастодиандық қызмет депозитарийге ұқсас бағалы қағаздарды сақтауды білдіреді. Алайда, стандартты қызметтерді ұсынатын депозитарийден айырмашылығы бар. Мәселен, кастодиан әр клиентке жеке қызмет көрсетуді таңдайды және қызметтер тізімін үнемі арттырып отырады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің арнайы рұқсаты 11 қазанда шектеусіз мерзімге берілді. Басқа мәліметтер әзірге нақтыланбаған. «Курсив» Kaspi Bank-тен қалай брокер немесе менеджер болатынын егжей-тегжейлі білу үшін сауал жолдады.
Айта кетейік, Kaspi Bank финтех-тобына кіреді. Kaspi.kz холдингтің ірі акционерлері Baring Vostok (26,1% акция), Михаил Ломтадзе (23,4%) және Вячеслав Ким (22,3%) қорлары. Компанияның акциялары KASE-ге, ал жаһандық депозитарлық қолхаттар Лондон қор биржасында (LSE) сатылады.
Kaspi Bank таза пайдасы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 224 млрд теңге болды. Меншікті капиталы – 597 млрд теңге, активтері – 5,7 трлн теңге, міндеттемелері — 5,1 трлн теңгеге жетті. Kaspi Bank 2023 жылы дивидендтер төлеген жоқ, ал 2022 жылы наурыз, маусым және қыркүйек айларында үш рет төледі.
Kaspi.kz FinTech компаниясы осы жылдың I және II тоқсандары үшін аралық дивидендтерге төлем жасады. Яғни, бір акцияға 750 теңгеден төледі. I тоқсанда төлемдердің, шамамен, мөлшері 142,8 млрд теңгені немесе пайданың 80,2%-ын құрады (178 млрд теңге). Ал II тоқсанда-142,4 млрд теңгені немесе таза пайданың 71,92%-ын (198 млрд теңге) құрады.