«Phystech II» АҚ акционерлері қоғамның жай акцияларының 100 %-ын мемлекетке беру туралы шешім қабылдады
Phystech II АҚ акционерлері бағалау құны 35,4 млрд теңге болатын қоғамның жай акцияларының 100% – ын мемлекетке беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы nb_kz хабарлады.
«Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Phystech II» АҚ (Ақтау) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының 2023 жылдың 4 қазанындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, жалпы бағалау құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (қоғамның жай дауыс беретін акцияларының 100 %) мемлекет пайдасына (мемлекеттік органдардың балансына) өз еркімен және өтеусіз беру туралы шешім қабылдады»-делінген хабарламада.
Бұл компания бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш президентінің құдасы Қайрат Боранбаевтың байланысты болған. Қыркүйек айында ол мемлекетке 1,2 млрд теңгеге залалды өтеп, экологиялық және еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 70 млн теңгеге айыппұл төледі.