Есірткі саудасы: жыл басынан бері 2700 сайты бұғатталып, 343 факті анықталды – IIM

Жарияланды

Тоғыз айдың ішінде Қазақстан Респубикасы аумағында 2700 есірткі сайты бұғатталған. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып есірткі заттарын өткізудің 343 фактісі анықталған. Бұл жайлы ІІМ өкілдері бас қосқан жиында хабарланды.

ІІМ өкілдерінің мәлметінше, қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың төмендеуі байқалған. Тонау, қарақшылық пен бұзақылық азайған. Күш қолдану арқылы жасалған қылмыстардың ашылуы жақсарған.

Сақшылар электрлі самокаттар мен мопед жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылғанын айтады:

1 қыркүйектен бастап жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 2079 самокат және 4838 мопед жүргізушісі жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, полиция өкілдерінің мәліметінше, биыл есірткі қылмысына қарсы күрес екенше .

Жыл басынан бері бұл салада полицейлер 7 мың профилактикалық іс-шара өткізді. Ел аумағында 2700 есірткі сайты бұғатталды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткі заттарын өткізудің 343 фактісі анықталды, – дейді полиция өкілдері.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов бейнебақылау жүйесін кеңейтудің маңызына тоқталды. Биыл камералардың көмегімен 8 мыңға жуық қылмыс ашылып, 400 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз