G7 мәлімдемесі: Ресей Украинаға өтемақыны толық төлемейінше Батыстағы резервтерін ала алмайды

Жарияланды

Ресей Украинаға келтірілген залалды толық төлегенге дейін батыс елдерінде бұғатталған активтерін ала алмайды. Бұл туралы «Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банк басшыларының кездесу қорытындысы бойынша мәлімдемеде айтылған. G7 сонымен қатар Украинаны Ресей қаражатынан түсетін кірістер есебінен қаржыландыруға бел буды.

Мәлімдемеге сәйкес, Ресей қанша жерден шапқыншылықты тоқтатса да, бейбіт келісім жасап, тіпті, басып алынған аумақтардан өз әскерін шығарса да, өз активтерін қайтарып ала алмайды. Жаңа талап – Ресей Украинаға келтірілген залалды толық төлеуі тиіс.

G7 бағалауы бойынша, Батыс елдерінде, шамамен, 280 млрд Ресей резервтеріне бөгет қойылған. Соғыс аяқталғаннан кейін Ресей өтемақы төлеуге келіссе де, бұл сома келтірілген залалды төлеуге жеткіліксіз екені анық. Наурыз айында жүргізілген есеп бойынша Украина Ресей тарапынан 411 миллиард доллар шығынға ұшыраған.

Украина үкіметінің, Дүниежүзілік Банктің, Еуропалық Комиссияның және БҰҰ-ның есептеулері бойынша қалпына келтіру үшін 411 миллиард доллар қажет.

Айта кетерлігі, содан бері Ресей армиясы көптеген жаңа нысандарды өз соққыларымен қиратты. Атап айтқанда, украин порттары мен астық қоймалары бір айдан астам уақыт бойы жаппай бомбалауға ұшырады. Дегенмен, бұл қаражат тек материалдық залалды өтеу үшін қажет, өтемақының басқа түрлерін қамтымайды. Есептеуге бейбіт тұрғындардың шығындары, алынған мүлікті қайтару және т.б. кіріктірілмеген.

«Жетілік» Украинаны соңына дейін қолдайтынын, соның ішінде қаржылық көмек көрсететінін растады. Мұны ішінара Ресейдің бөгет қойылға резервтері есебінен есебінен жасау жағы талқыланды. Хабарламада:

Украинаның одақтастары бұл кірістерді Украинаны қолдауға және оны қалпына келтіруге бағыттау жолдарын әзірлейді, – делінген.

Айшықтай кетейік, кездесу барысында Қаржы министрі Джанет Йеллен ЕО-да талқыланған Ресей Банкінің активтерінен табыс салығын енгізу және қаражатты Украинаға аудару ұсынысын мақұлдады.

Ақ үйде де Украинаға көмектесу үшін Ресейдің валюта резервтерін пайдалану мәселесін белсенді талқылана бастады. Бөгет қойылған қаражат, негізінен, ЕО елдерінде, ең алдымен Бельгияның Euroclear есеп айырысу жүйесінде сарапталады.

Сонымен қатар, «Жетілік» Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды одан әрі күшейтуге, сондай-ақ қазірдің өзінде қабылданған шектеу шараларының, соның ішінде мұнай мен мұнай өнімдерінің бағасының шегін қадағалауға уәде берді.

Есіңізде болса, Вашингтон ресейлік олигархтардан тәркіленген активтерді Украинаның әскери ардагерлерін қолдауға жіберетінін жазғанбыз.

Кремль ресейлік активтерді Украинаға беруді «бүкіл халықаралық құқық ережелері мен нормаларын бұзудың тағы бір қадамы» деп атады. «Бұл Америка Құрама Штаттарының меншік құқығына қол сұғуы», – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Сәуірде РФ президенті Владимир Путин Ресей, Ресей азаматтары және АҚШ- пен басқа да елдердегі компаниялардың активтеріне тыйым салуға қарсы шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта Ресей билігі тәркіленген жағдайда аталған елдердің Ресей аумағындағы мүлкін уақытша басқаруға беретіні шығады. 

Сондай-ақ оқыңыз