фото: arynews.tv
Израильдің Газа мен Ливандағы әскери операцияларда ақ фосфордың қолдануы бейбіт тұрғындарды ауыр және ұзақ мерзімді жарақат алу қаупіне ұшыратады. Бұл жайлы Human Rights Watch мәлімдеді.
Human Rights Watch 2023 жылдың 10 және 11 қазанында Ливан мен Газада түсірілген бейнежазбаларды тексерген. Бейнежазбаларда Газа қаласының порты мен Израиль-Ливан шекарасы бойындағы екі ауылдық аймақтың үстінде артиллериялық ақ фосфордың бірнеше жарылыстары бейнеленген.
Сигнал беру және «аймақты бүркемелеу» немесе адамдар мен заттарды өртеу үшін қару ретінде пайдалануға болатын ақ фосфор адамдарды қатты күйдіріп, ғимараттарды, басқа да азаматтық нысандарды өртеп жіберуі мүмкін айтарлықтай тұтанғыш әсерге ие.
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка бойынша Human Rights Watch директоры Лама Факих:
Ақ фосфорды халық көп шоғырланған азаматтық аудандарда қолданған сайын, бұл ауыр күйік пен өмір бойы азап шегу қаупін тудырады. Ақ фосфор үйлерді өртеп, бейбіт тұрғындарға өрескел зиян келтіруі мүмкін «, — деді .
Израиль билігі ұрыс салдарын жою кезінде ақ фосфорды қолданып-қолданбағаны жайлы түсініктеме берген жоқ.
Израильдің ақ фосфорды қолдануы 7 қазанда Хамастыңшабуылдарынан, кейінгі зымыран бомбалауларынан кейінгі шайқастарда байқалды. Нәтижесінде, 12 қазандағы жағдай бойынша, 1300-ден астам израильдіктер, соның ішінде жүздеген бейбіт тұрғындар қаза тапты, сонымен қатар ондаған израильдіктер кепілге алынды.
Еске сала кетейік, 7 қазанда Хамас күштері Израильге шабуыл жасап, елдің оңтүстігіне басып кірген. Израиль Газаға әуе шабуылымен жауап берді.
Израиль әуе күштері Газа секторындағы Ислам университетіне соққы берді. Палестина WAFA агенттігінің хабарлауынша, Израиль авиациясының қарқынды бомбалауы Ислам университетінің кампусының ғимараттарын қиратты.
Израильдегі жағдайдан соң еуропалық және американдық ірі қорғаныс компаниялыраның акциялары көтерілді. Орташа өсім шамамен 7%-9% болды.
8-9 қазанда Тель-Авив биржасының ең ірі қор индекстері ХАМАС-тың Израильге шабуылы тұсында құлдырап кетті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль шекелі АҚШ долларына қатысты сегіз жылдағы ең төменгі деңгейге дейін түскен.