Ресей өзімен «достық ниеттегі» елдерге 1,4 трлн рубль несие береді

Жарияланды

Ресей билігі «достық ниеттегі» елдер үшін алдағы үш жылда мемлекеттік несиелер түрінде 1,4 трлн рубль ($15,6 млрд) беретін болды. The Moscow Times-тің хабарлауынша, мұндай «мырзажомарттық» Ресейдің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы заң жобасында қарастырылған.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылы несиеге 468,5 миллиард рубль, 2025 жылы- 473,7 миллиард, ал 2026 жылы – 479,9 миллиард рубль жолданады.

Заң жобасына қатысты түсіндірме жазбада Ресей Қаржы министрлігнің мұндай қаражатты елдің үкіметаралық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауы үшін жұмсайтыны айтылған. Сондай-ақ ресейлік тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейі сақталатын салаларда экспортты қаржылық қолдау үшін қажет екенін

Қаржы департаменті Ресей бюджетінен нақты несие алушы елдердің атын атап көрсетпейді. Өйткені бұл ақпарат коммерциялық және мемлекеттік құпияға қатысты, дейді НИУ-дағы әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінің аға оқытушысы Ксения Бондаренко.

Жаңа несиелер Ирандағы қаржылық және әскери-стратегиялық жобаларға түсуі мүмкін. Олардың арасында Бушердегі «Сирик» электр станциясы мен атом электр станциясын салу жобасы да болуы мүмкін.

Қазақстанның Ресей несиесін алып-алмайтыны анық айтылмайды. Дегенмен мамандар ЕАЭО елдерінің несиеден кенде қалмайтынын мәлімдейді.

ЕАЭО, Африка мен Азия елдеріне мемлекеттік несиелерін беруге басымдық беріледі, деп атап өтті РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің логистика департаментінің доценті Дарья Швандар. Ол Ресейдің Беларусь, Түркия, Египет, Үндістан, Иран, Венгрия, Бангладеш және Қытайда атом электр станцияларын салумен айналысатынын еске салды.

«Олар үшін жабдықтар мен технологияларды сатып алуға қаражат бөле алады», деп қорытындылады Швандар.

Сондай-ақ оқыңыз