1 млн теңге пара алған: Шымкенттегі тілдерді дамыту басқармасының басшысы күдікке ілінді
Жарияланды

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының жемқорлық фактісі бойынша әшкереленді. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті»,- делінген хабарламада.
Басқарма басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алған деп күдіктеледі. Бұл қаражатты ол өзінің қарамағындағы қызметкерлердің еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін алған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.