Теңге нығаймады: жұма күнгі сауда-саттықта долларға қатысты тағы да арзандады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Теңге осы аптадағы сауданы әлсіреуімен аяқтады. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жұма күнгі сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,25%-ға (1,20 теңгеге) әлсіреді және 1 доллар үшін 476,98 теңгені құрады.

Бейсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 476,78 теңге болды. Ал 13 қазандағы ресми бағам да 1 доллар үшін 475,78 теңгені құрайды. Ал 14-16 қазанда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 476,98/$1 болады деп күтіледі.

Жалпы бейсенбі мен жұмадағы екі күнде теңге бағамы қатты өзгермегенімен, оның алдындағы үш күнде теңге біршама әлсіреген болатын.

Қазақстанның Ұлттық банкі 2023 жылдың 9 қазанында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы – 478,43 теңге, Ресей рублінің бағамын – 4,77 теңге деп белгіледі.
Ол күні доллар бағамы нығайып, айлық есепке шаққанда +12,14-ке қымбаттады. Ал бір еуро құны дүйсенбі күні 504.84 теңгені құрады.

Ал 10 қазан күні теңге біршама нығая түсті. Сейсенбі күні Ұлттық банк бекіткен бағам бойынша теңгенің долларға шаққандағы құны 477.02 теңгені құраса, ал 1 еуро 502,45 теңгені құрады.

Сәрсенбі күнгі саудада теңге сейсенбі күнгі динамиканы сақтап қалуға тырысып шамалы тұрақтылық танытты. Ол күні теңгенің долларға шаққандағы бағамы 477,21 теңгені құрады. Ал еуроға шаққандағы позициясы біршама әлсіреп, бір еуро құны 505,89 теңге көлемінде тіркелді.

Өткен аптада Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы жағдайға түсініктеме бере келе мұнайға баға белгілеудегі өсімге қарамастан, ұлттық валютаның қысқамерзімді әлсіреуіне бірқатар факторлар ықпал еткенін айтап өтті.

«Сыртқы факторлардың да, ішкі факторлардың да ықпалы бар. Сыртқы әсерден – АҚШ долларының жаһандық деңгейде нығаюын атап өттім. Ішкі әсерден – бюджетті игерудегі белсенді кезеңге байланысты импорттаушылардың «маусымдық» сұранысы, валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасының тоқтатылуы, сондай-ақ инфляцияның төмендеуі аясында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін төмендету себеп болды», деді ол.

Алты айға жуық шамамен бір деңгейде тұрған теңге тамыз бен қыркүйекте ай сайын шамамен 3% – ға құнсызданды.

Көктемнен бері долларға шаққанда 440-460 теңге көлемінде ауытқыған ұлттық валюта тамыз айының ортасында жекелеген сауда күндерінің қорытындысы бойынша 1 долларға 461-462 теңгеге жетті. 1 қыркүйекте доллар 459,69 теңгені құрады, осылайша өсім бір айда 3,1%-ға жетті. Алайда, қазақстандық валюта үшін тамыз айы дәстүрлі түрде қиын болды, өйткені осы кезеңде тұрақты фондық фактор – демалыс маусымының шарықтау шегіне жетіуі, теңге бағамына қарсы жұмыс істейді

Сондай-ақ оқыңыз