Туристер мен Алматы тұрғындарынан тауға шығу жоспарын кейінге қалдыру сұралды

Жарияланды

фото: kursiv.media

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы маңындағы тауларға сапарлауды кейінге ысырып, тау саяхатын бірнеше күн тоқтата тұрған дұрыс болатынын хабарлады.

Синоптиктердің деректеріне сәйкес, 13-14 қазан аралығындағы жауын-шашынның болжамына байланысты Алматы қаласының аумағында орналасқан іргелес таулы аудандарда су ағынының күшеюі және сел жүру қаупі бар.

«07.05.2021 ж. №14 ОГЯ» Қазгидромет» РМК дауылды ескерту негізінде туристерге, Алматы қаласының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шығуды тоқтатуын сұраймыз», – делінген Алматы ТЖД ақпаратында.

13 қазан күні кешке Медеуге қар жауды. Алматылықтар бұл туралы ақпараттық кеңістікке жар салып, контенттермен бөлісті.

Синоптиктер Алматыда жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп болжаған, бірақ кешке қарай Медеуге қар аралас жаңбыр жауды. Кадрларға қарағанда, жауын-шашын көп емес, бірақ алматылықтар қыстың жақындағанын айтып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз