Ресей Федерациясының Әділет министрлігі «шетел агенттері» тізіміне құқық қорғаушы Ольга Романованы, «Газпромбанктің» бұрынғы топ-менеджері Игорь Валобуевті және тағы үш адамды енгізді.
Ресей Федерациясы Әділет министрлігінің «шетелдік агенттер» тізімі жұма, 13 қазанда бірнеше аптаға созылған үзілістен кейін қайта толықтырылған.
«Иноагенет» мәртебесі «Газпромбанктің» бұрынғы вице-президенті Игорь Волобуевке де берілді. Украинаның тумасы Игорь Волобуев Ресейде 30 жылдан астам тұрақтаған. Мәскеуде «Газпромбанк» вице-президенті болып жұмыс атқарған және көп жылдар бойы «Газпромның» беделін жақсартумен, пиармен айналысқан. Кейіннен президент орынбасары Отанына оралып, қатардағы жауынгер ретінде майданға аттанған.
Айта кетерлігі, 13 қазанда «Ходорковский Live» YouTube арнасының жүргізушісі Елена Малаховская, блогер Андрей Рудой және Қырым татар белсендісі, «Московский комсомолец» газеті басшысының бұрынғы орынбасары Айдер Мужабаев Ресей Федерациясы Әділет министрлігінің «шетел агенттері» тізіміне енгізілді.
Газпромбанк – Ресейдегі ең ірі әмбебап банктердің бірі, меншікті капиталы бойынша орталық және Шығыс Еуропа банктерінің тізімінде үшінші орынға жайғасқан. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында орналасқан. Р
Қырымды аннексиялау және Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты банк АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдердің санкцияларына ұшырады.