Жаңалықтар

Францияда «шабуылға қарсы төтенше жағдай» жарияланды

Франция үкіметі жұма күнгі кешкі уақытта Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың салдарынан қауіптеніп, ел «шабуылға тас түйін дайын» деп жариялады. Бұл жайлы Француз ақпарат көздері хабарлады.

Бұл ақпаратқа қатысты Премьер-министр Элизабет Борн пікір білдірді. Ол «Vigipirate» жоспарының (терроризмге қарсы дайындық – if) позициясын атап, шабуылға төтенше дайындық деңгейіне өту туралы шешім қабылдады», – деді Үкімет кеңсесі президент Эммануэль Макронның қатысуымен Елисей сарайындағы қауіпсіздік жиналысынан кейін.

Бұған қатысты Францияның ІІМ басшысы Жеральд Дарманен түсініктеме берді.

«Біз айрықша қырағылық деңгейіне жеткенде барлық француздарға, барлық әкімшіліктерге сақ болуды бұйыруымыз керек. Бұл «Sentinel» атты (Армияның терроризмге қарсы режимі) бұйрық арнайы операциясының өз күшіне енуіне мүмкіндік береді».», – деді министр.

Сонымен қатар, министрдің хабарлауынша, полиция мен жандармерияға сауда орталықтарын бақылауға және француздарды күнделікті өмірде қорғауға көмектесу үшін тағы бірнеше мың адам тартылмақ.

Ескерте кетейік, Франция осы уақытқа дейін «күшейтілген қауіпсіздік – шабуыл қаупі» деңгейінде болды, бұл террористік қауіпке дайындықтың жоғары деңгейі.

ІІМ басшысы жұма күні TF1 эфирінде Аррас қаласы лицейінде басталған қақтығыстың Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыспен байланысы бар екенін мәлімдеді.

«Бізде бар мәліметтер бойынша, өкінішке қарай, Таяу Шығыста болып жатқан Оқиғалармен байланыс бар», – деді министр.

Жұма күні Францияның Аррас қаласындағы лицей оқытушысы өлтірілді (Па-де-Кале бөлімі) және бірнеше адам ер адамның шабуылынан жарақат алып, пышақталды.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Хамас күштері Израильге шабуыл жасап, елдің оңтүстігіне басып кірген. Израиль Газаға әуе шабуылымен жауап берді.