Үкімет жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірледі
Үкімет жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлегені хабарланды. Құжат жобасын Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин таныстырды.
Үкімет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Жаңа Бюджет кодексі қоғам мен мемлекеттің барлық сұраныстарына жауап беретіні айтылған:
«Жаңа Бюджет кодексі қоғам мен мемлекеттің барлық сұраныстарына жауап береді, Президент айқындаған үнемді және жауапты бюджет саясатының бағытын іске асыруға ықпал етеді және уақыттың сын-тегеуріндеріне жедел жауап беріп отыруға мүмкіндік береді», – делінген Үкімет сайтында.
Үкімет өкілдерінің хабарлауынша, Жаңа Бюджет кодексінің жобасымен жұмыс істеу үдерісі күрделі болған, әрі көп уақытты қажет еткен. Өйткені жан-жақты талдау, озық әлемдік тәжірибелерді зерттеу керек болған. Халықаралық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету және бюджеттік процестерді модельдеу мақсатында ХВҚ сарапшылары шақырылған. Новеллалар жұртшылықпен және бюджеттік процеске қатысушылардың өздерімен бірнеше рет талқыланған.
Жаңа Бюджет кодексінің жобасын жүйелеуде бірқатар құжаттар талданғанын байқаймыз. Атап айтқанда: қолданыстағы кодексге негіз болған Тұжырымдамалар (2007 және 2013 жж.), халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, ХВҚ) ұсыныстары, салық-бюджет саясатының елдер бойынша шолуларының нәтижелері, Жоғары аудиторлық палата құжаттары.
Айта кетерлігі, Жаңа Бюджет кодексінің жобасы бұрын қабылданған 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасына негізделеді. Ол реттеу өрісін кеңейту және бюджеттік саясаттың фокусын бекітілген және нақтыланған параметрлерден барлық мемлекеттік қаржыны шоғырландыру негіздерін кеңейтуге дейін ауыстыру қажеттігін алдын ала анықталды.
Жаңа жобаны даярлау барысында Үкіметтің мынандай бес негізгі міндетті шешуі керек болғаны айтылады:
- салық-бюджет саясатының берік негізін құру;
- салық базасының есептілігін және жаңа Салық кодексімен сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы мұнай емес кірістерді жұмылдыру;
- нәтижеге бағдарланған бюджетті және басқарудың жаңа құралдарын күшейту есебінен бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыру;
- басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде бюджеттік процеске қатысушылардың және жалпы Үкіметтің есептілігін қамтамасыз ету;
- жүргізіліп жатқан реформалардың ережелерімен келісуді қамтамасыз ету (мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру; мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жөніндегі әкімшілік реформа).
Орайы келгенде айта кетейік, Ұлттық мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, бірқатар рәсімді жеңілдетуге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін блок бюджеті енгізілген. Индикативтіден бюджетті толық үш жылдық жоспарлауға көшу қамтамасыз етілді, мұнда шығыстардың негізгі базалық бөлігі (жалпы көлемнің шамамен 60%-ы) 3 жылға белгіленеді және жыл сайын қайта қаралмайды.
Себебі, мұндай қадам бұрын қабылданған міндеттемелердің сабақтастығы мен орындалуы мәселелерін шешеді, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау кезінде тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл процесті оңтайландыру үшін өтінімдер мен бағдарламаларды біріктіретін сұрау түрінде жаңа құжат енгізілді.
Қазіргі уақытта кодекс жобасы Қазақстанның жаңа бюджеттік саясатына мемлекеттің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ашықтығы мен есептілігі негіз болатыны айтылып жатыр.