Парижде Лувр мұражайы лаңкестік шабуылдардың ықтимал қаупіне байланысты қауіпсіздік мақсатында бір күнге жабылды, деп хабарлайды Француз БАҚ x әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter). Бұл туралы Интерфакс ру агенттігі хабарлады.
«Бізтиісті тексерулер жүргізу үшін бір күнге жабылдық», – деп түсіндірді мұражай өкілі.
Ол «Лувр мұражайға және оның келушілеріне қауіп туралы жазбаша хабарлама алды» деп түсіндірді.
Франция 13 қазаннан бастап, Аррас қаласының лицейіндегі лаңкестік шабуылдан кейін «шабуылға төтенше дайындық» режимінде болды.
Сенбіде Елисей сарайы Францияда Таяу Шығыстағы соғыс қимылдары аясында туындаған қауіп-қатерлерге байланысты Армияның терроризмге қарсы операциясы Sentinelle («Күзетші») 7 мыңға дейін әскери қызметкерін орналастыру туралы жариялады.
Франция президенті Эммануэль Макрон 12 қазанда ұлтқа арнаған теледидарлық үндеуінде Израиль мен Палестинадағы оқиғалардың аймақтан тыс жерлерде салдары болатынын және Францияға да әсер ететінін айтты.
Айта кетейік Франция үкіметі жұма күнгі кешкі уақытта Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың салдарынан қауіптеніп, ел «шабуылға тас түйін дайын» деп жариялады.