ҚР Сыртқы істер министрлігі Израильде жоғалып кеткен қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл шындыққа жанаспайды, Израиль билігі осы кестеде жіберілген қателік үшін кешірім сұрады», — деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік осыған дейін Израиль армиясының баспасөз қызметі Израильдің Палестина ХАМАС қозғалысымен соғысы басталғаннан кейін азаматтары хабар-ошарсыз кеткен елдердің тізімін жаңартты деген ақпарат пайда болды. Тізімде Қазақстанның бір азаматы болды.
Соғыс басталғаннан кейін Қазақстан Тель-Авивтен репатриациялық рейстер ұйымдастырды. Нәтижесінде ҚР 124 азаматы еле оралды.
13 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға түсініктеме берді. Ол бейбіт азаматтарға қатысты зорлық-зомбылықты ақтауға болмайтынын және Қазақстан ондаған жылдар бойы шешілмеген мәселелерді шешу үшін Террористік әдістерді қолдануға қарсы екенін айтты.