БҚО-да университет ғалымдары 55 млн теңге мемлекет қаржысын жымқырғаны хабарланды

Жарияланды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлеріне қатысты қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай баяндады.

Ресми өкілдің хабарлауынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн. теңге бөлген.

«Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді. Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан, атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған», – деді Д. Дүйсембай.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз