Қазақстанда кәсіпорындар үшін электр энергиясының бағасы көтеріледі

Жарияланды

ҚР Энергетика министрлігі ел бойынша электр энергиясының ең жоғары тарифтерін қайта қарауды ұсынды. Мысалы, Семей қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Теплокоммунэнерго» кәсіпорны үшін электр энергиясының құны 139%-ға дейін артып, 19 теңге/кВт-сағатқа жетуі мүмкін, ал қолданыстағы тариф 8,05 теңге/кВт-сағатты құрайды. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында хабарланды.

«Риддер ЖЭО» АҚ үшін де электр энергиясының тарифі көтерілуі мүмкін. Қазіргі қолданыстағы тариф 13,93 теңге/кВт-сағатты құрайды, оны 18,17 теңге/кВт-сағатқа дейін ұлғайтқысы келеді.

«Степногорск ЖЭО» ЖШС үшін қолданыстағы тариф 12,12 теңге/кВт-сағатты құрайды, оны 4,24 теңге/кВт-сағатқа, яғни 16,40 теңге/кВт-сағатқа дейін ұлғайтқысы келеді.

Қарағанды ГРЭС-1-ге иелік ететін «Bassel Group LLS» ЖШС үшін қолданыстағы тариф 10,53 теңге/кВт-сағатты құрайды, оны 14,02 теңге/кВт-сағатқа дейін ұлғайтқысы келеді.

50 кәсіпорын үшін электр энергиясына тарифтерді қайта қарау жоспарлануда. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, электр энергиясының құны тәуелсіз энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындарының, атап айтқанда отын, жалақы және шикізат шығындарының өсуіне байланысты өзгеруі мүмкін.

«Орта есеппен отын құрамдас бөлігінің ұлғаюы, атап айтқанда тауарлық газдың құны іс жүзінде 39 топ («3-Энергоорталық» АҚ) үшін 17,4% және энергия өндіруші ұйымдардың 42 тобы («Батые Пауэр» ЖШС) үшін 20,6% құрады», — делінген Энергетика министрлігінің құжатында.

Сондай-ақ оқыңыз