Қазақстанның Даму банкіне жаңа басшы тағайындалды
«Қазақстан Даму банкі» АҚ (ҚДБ) жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ҚДБ басшылығында өзгерістер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының (KASE) сайты.
ҚДБ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылған еді. Оның орнына өткен жылдың ақпан айынан бастап Марат Елибаев қызметіне кіріскен болатын. Бұған дейін банктің жаңа басшысы Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) құрылымында жұмыс істеген.
Сондай-ақ, Байбазаров басқарма төрағасы қызметін атқарған директорлар Кеңесінде орынынан айырылды. Бірақ бірден жалғыз акционердің өкілі ретінде кеңеске қайта сайланды. Қазан айының басында Байбазаров «Бәйтеректің» басшысы болып тағайындалды.
Соңғы бір жарым жылда ҚДБ басшылары бірнеше рет өзгерді. 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Абай Сарқұловтың орнына Руслан Ысқақов тағайындалды. Осыдан дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға арналған даму институтының жұмысын сынға алды. Қараша айында Искаковтың орнына Байбазаров келді.