Жеке куәлікті жедел жасату қызметі арзандайды

Жарияланды
Жеке куәлікті жедел жасату қызметі 678 теңгеге дейін арзандайды / Фото: Ашық дереккөзден

Жеке куәлікті жедел жасату қызметі арзандайды. ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті құжаты «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.

Атап айтқанда, жеке куәлікті 1 күнде жасату үшін бұрын қазақстандықтар 4983 теңге төлесе, жаңа бұйрыққа сәйкес 3372,45 теңге төлейді. Үш күнде жасату қызметінің құны – 1770,88 теңге көлемінде бекітілді. Бұрын бұл қызмет 2752 теңге тұрған. Ал жеті жұмыс күні ішінде жасатуға азаматтар бұрын 1116 теңге төлеп келген болса, бұдан былай бұл қызметтің құны небары 677,95 теңге болмақ.

Мұндай түзетулер ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізілген.

«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы    22 ақпандағы №143 бұйрығына түзетулер мемлекеттік монополияға жататын ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі», делінген құжатта.

Бұйрық 30 қазанға дейін жария талқылауда болып, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сондай-ақ оқыңыз