Қырғызстанда енді кішігірім құймаларды өндіреді
Қырғызстанда алтын құймаларын сату 2015 жылдан басталды. «Қырғызалтын» тек ең ауыр — 100 грамм көлеміндегі алтынды өндірді. Елде кішігірім құймаларды өндіруге мүмкіндік болмады. Яғни қажетті технологиялық жабдықтар болмағандықтан. Сондықтан салмағы 1, 2, 3, 5, 10 грамм және 1 унция құймалар Қазақстаннан әкеліп отырды.
Қырғызстанның Президенті Садыр Жапаров мәселені шешіп, шағын салмақтағы өлшенген алтын құймаларын шығару бойынша Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Бақыт Торобаевқа кәсіпорын құруды тапсырды.
Алтын құймаларды өндіру үшін Италия мен Германияның озық заманауи технологияларын пайдалану жоспарлануда. Жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр алтын құймаларын шығаратын кәсіпорынды пайдалануға беру 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Ғимараттың құрылысы «Қырғызалтын»ААҚ-ның өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.