Қазақстанда Республика күні қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл жайлы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.
«Әрине, біз Республика күні мерекесіне дайындалып жатырмыз. Бізде сол күні қызмет күшейтілетін болады. Қазіргі таңда әкімдіктерден қай жерде, қандай іс-шаралар өткізілетіні туралы ақпарат жаинап жатырмыз. Ал үндеулерге келер болсақ, ҚДТ мүшелері үндеу жасап жатыр. Естеріңізге сала кетейін, бұл экстремистік ұйым. Оның ел аумағындағы іс-әрекеттері заңсыз. Біз оларға митинг өткізуге рұқсат бере алмаймыз» деді.
Ол сол кұні қалада рұқсат етілмеген жиындардың барлығы таратылатынын айтты.
«Егер азаматтар өшпенділік тудыратын немесе қоғамдық тәртіпті немесе конституциялық құрылысты бұзуға үндейтін болса, біз ондай әрекеттердің жолын кесеміз. Рұқсат етілмеген жиындар өткізілетін болса, біз оған, әрине, өз тарапымыздан шара қолданамыз», – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.