Жаңалықтар

Иран ислам елдерін Израильге қарсы санкция енгізуге шақырды

Тегеран мұсылман елдерін Израильге қарсы санкция енгізуге шақырды

Тегеран мұсылман елдерін Израильге қарсы мұнай эмбаргосы мен басқа да санкциялар енгізуге шақырды. Бұл туралы Интерфакс ру Иран СІМ-ге сілтеме жасап хабарлады..

«Сыртқы істер министрі ислам елдерінің Израильге қатысты жедел және толық эмбаргоға, соның ішінде мұнай бойынша санкция енгізуге шақырады. Бұған қосымша сионистік режиммен дипломатиялық қатынастар орнатылған жағдайларда Израиль елшілерін де елден шығару керектігін айтты», – делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының Джидда қаласында Газа секторындағы аурухананың соққысына байланысты Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты талқылау үшін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысы өтіп жатыр.

Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиян Израильдің Газа секторындағы ықтимал әскери қылмыстарын арнайы құжатқа енгізу үшін Ислам заңгерлері тобын құруға шақырады.

Сейсенбіде, Хамастың хабарлауынша, Газа секторындағы Әл-Ахли ауруханасында зымыран соққысы болды. Нәтижесінде кем дегенде 500 бейбіт азамат қаза тапты. Израиль қорғаныс армиясы (IDF) аурухананың соққысына қатысы жоқ деп мәлімдеді және жарылысқа Исламдық жиһад қозғалысы зымыранның сәтсіз ұшырылуы себеп болды деп санайды.

7 қазанда Газада орналасқан ХАМАС радикалды тобы Израильдің оңтүстігіне қанды шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс Армиясы Хамасқа қарсы әскери операция жүргізуге кірісті.